21 Январь
06:33
Астана: -19 °C
Алматы: -12 °C
USD/KZT: 324.27
EUR/KZT: 398.27
RUB/KZT: 5.73
CNY/KZT: 50.68
Әлем жаңалықтары
4 наурыз 11:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Нью-Йоркте әлемдегі ең қымбат метро стансасы ашылды (ВИДЕО)

Бейсенбі күні Нью-Йорк қаласындағы Төменгі Манхэттен ауданында Дүниежүзілік сауда орталығының жанында орналасқан әлемдегі ең қымбат метро стансасы ашылды.
Стансаның құрылысына 4 млрд. АҚШ доллары жұмсалған - бұл бастапқыда қарастырылған сомадан екі есе дерлік көп. Forbes журналының атап өтуінше, бұл әлемде осындай құрылыстар үшін рекордтық сома болып табылады. Шыны мен бетоннан жасалған ескерткіш құрылысының сәулетшісі - Испанияның  суретші-футуристі Сантьяго Калатрава. Оның идеясы жаңа транзиттік тораптың үстіндегі ғимараттың шатырын үлкен ақ құстың қанатына ұқсас ету болған.
Жаңа көлік торабы метрополитеннің 11 желісін, қала маңындағы пойыз стансасын және Бэттери-саябақтың паромдық өткелін қосып отыр. Сондай-ақ күніне 250 мыңға жуық жолаушыға қызмет ететіні шамалануда. Қала билігінің жоспары бойынша ол Америкадағы ең қолайлы және қауіпсіз стансалардың біріне әрі Манхэттеннің жаңа және өзіндік ерекшелігі бар әдемі орнына айналады. 



​ҚазАқпарат 
нравится:    816
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии