24 Сентябрь
16:18
Астана: 5 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
14 мамыр 09:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Нью-Йоркте кашмир жақұт тасы бар сақина 7,3 миллион долларға сатылды
Нью-Йоркте кашмир жақұт тасы бар сақина 7,3 миллион долларға сатылды
 

Нью-Йорк қаласында өткен Christie's  бәссаудасында салмағы 35 карат болған кашмир жақұт тасы бар сақина 7,3 миллион долларға сатылды, деп хабарлады бейсенбі күні Ассошиэйтед Пресс агенттігі.
Сәрсенбі күні сатылған бұл сақинаның әрбір караты үшін есімі аталмаған, Азиядан келген бәссауда жеңімпазы 209689 доллар төлеген. Бұл әлемдік рекорд болып табылады.
Кашмир жақұт тасы бар алтын сақина сондай-ақ гауһар тастармен әсемделген. Кашмир жақұт тастары басқалардан гөрі күлгін болып көрінетін терең көк түсі үшін ерекше бағаланады. 1881 жылы Гималай тауларының солтүстік-батысында табылған олардың кен орны 1930 жылдарға қарай түгесілді. 

Дереккөзі:ҚазАқпарат
нравится:    745
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии