|    |  
18 қараша 2019
03:29
қаз
Надаль мен Джокович арасындағы теннистен қайырылымдылық кездесу билетінің құны қанша?
16 қазан 2019, 12:32 35


Нұр-Сұлтанда өтетін Надаль мен Джокович арасындағы теннистен жолдастық кездесу билетінің құны - 5 млн теңге дейін барады.

Сөз әлқиссасында айта кетуіміз керек бұл - VIP орындардың құны. Жалпы "Барыс-Аренаның" екінші қабатында ұзын саны 60 VIP кабина орналасқан екен.

Кездесуден түсетін қаржы түгелдей қайырылымдыққа берілетіні белгілі бүгінде. 

Ал, VIP орындарды алған адамдар үшін барлық жағдайлар жасалған екен. Мысалға, қалталы азаматтар үшін VIP кабина ішінде 12 жайлы кресло, тікелей эфирден түсірілім көрсететін үлкен теледидар, 5 автотұрақ орны, 12 адамға арналған жеке лифт, бар, барға арналған 6 орындық, 6 жайлы орындық, климат бақылау жүйесі орналасқан екен. Бұл ғажайыптың құны - 5 миллион 150 мың теңгені құраса керек.

Бұл Рафаель Надальдың Нұр-Сұлтанға 2-ші мәрте келуі. Ол 2014 жылы тағы бір жолдастық кездесу өткізген болатын. 

 


Жаңалықтар