20 Август
02:40
Астана: 11 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
8 шілде 10:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

NASA Марсты 11 жыл бойы зерттеу нәтижелерін көрсетті (Видео)
НАСА агенттігі 2004 жылдың қаңтар айынан бастап 2015 жылдың сәуір айы аралығындағы Марс ғаламшарын зерттеп жүрген  Opportunity ровері жұмысының бейне жазбасын көпшілікке ұсынды. Атаған зерттеу роботы бастапқы межеден 42,2 километр жер жүріп өткен деп хабарлайды агенттік сайты.



Opportunity ровері ұшырылғаннан кейін  Марс экваторына жақын жерге келіп түскен еді.
Марсты зерттеу жүргізіп жүрген аппарат  өзінің жұмысын 2015 жылдың 27 маусымынан бастап қайта жандандырды. Ровер алынған деректерді жадыға сақтамайды, оны бірден ғалымдарға жіберіп отырады.
Бастапқы кезде Қызыл ғаламшарда жүрген аппарат  алған мәліметтерді энерияға тәуелді флеш-жадыға сақтау режимде жұмыс жасады. Алайда соңғы кезде борттағы компьютердің сақтау жадылары  шектен тыс толып, кейбір деректер өздігімен өшіріліп қалып жатты. Осы себептерден болып, ғалымдар роверге мәліметтер келіп түскеннен бастап оны бірден алу тәсілдерін ойлап шығарды.



Индевора марсоходпен Қызыл ғаламшарды зерттеу 2011 жылдан бастау алды. Марсқа зерттеу мақсаттарында ұшырылған 40 жуық зондтардың жартысына жуығы өздерінің миссияларын орындады. Қазіргі уақытта Марстың бетінде Curiosity және Opportunity атты екі ровер қызметтерін жалғастыруда.
Бұл қос робот жұмысы - НАСА агенттігінің Марсты зерттеу бойынша жоспарының бір бөлігі ғана. 

Дереккөзі: lenta.ru
нравится:    1028
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии