23 Октябрь
06:29
Астана: -5 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
20 қыркүйек 15:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​NASA Зодиактар белгісінің уақытын өзгертті


NASA ғалымдары Вавилон астрономдары құрастырған 12 зодиак белгісінің өзгеріске ұшырағанын хабарлады. 
«Ғалымдардың айтуынша, жаңа Жұлдыз жорамал 13 жұлдызға сәйкес келеді. Біз қолданып жүрген Зодиак белгілері Ежелгі Вавилон кезінде жасалған», – дейді астроном Парке Канкл.

3 мың жылдықтан кейін жер білігі айтарлықтай өзгеріп, аспан жұлдыздарының да бейнесі басқа қалыпқа ауысқан. Сол себепті бұрынғы жұлдыз жорамал белгілеріне түзетулер енгізуге тура келеді. Вавилон күнтізбесін Айды негізге ала отырып жасағандықтан белгілерді 12 ай бойынша 12 белгіге бөлген. Ежелгі ғалымдар 13 жұлдыз белгісін шығарғанымен, ай бойынша сәйкес келмегендіктен біреуін алып тастаған.

Жаңа жұлдыз жорамал бойынша Сарышаян мен Мергеннің арасына Жылан баптаушы белгісі қосылады. Оның уақыты 30 қараша мен 18 желтоқсан аралығы. Ол латынша «U» білдіретін «~» белгісімен жазылады.

Осыған орай өзгертілген Жұлдыз жорамал белгілерінің уақыты төмендегідей қалыпқа түседі:

Тауешкі: 20 қаңтар — 16 ақпан;
Суқұйғыш: 16 ақпан — 11 наурыз;
Балықтар: 11 наурыз — 18 сәуір;
Тоқты: 18 сәуір — 13 мамыр;
Торпақ: 13 мамыр — 21 маусым;
Егіздер: 21 маусым — 20 шілде;
Шаян: 20 шілде — 10 тамыз;
Арыстан: 10 тамыз — 16 қыркүйек;
Бикеш: 16 қыркүйек — 30 қазан;
Таразы: 30 қазан— 23 қараша;
Сарышаян: 23 қараша — 29 қараша;
Жылан баптаушы: 29 қараша — 17 желтоқсан
Мерген: 17 желтоқсан — 20 қаңтар.

Басылым мәліметінше, Жылан баптаушы Жұлдыздар белгісіне қосылған соңғы өзгеріс болмауы да мүмкін. 1970 жылдары Кит деп аталатын тағы бір белгіні қосып, 14 белгіне құрастыру ұсынылған болатын.
нравится:    823
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии