21 Август
08:48
Астана: 9 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
3 мамыр 09:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

National Geographic журналисі Қазақстанды жаяу аралап өтеді

Әлемнің 30-дан астам тілінде жарық көретін АҚШ-тың National Geographic Magazine журналының журналисі, жиhанкез Пол Салопек Қазақстанға жаяу келді, - деп хабарлайды бүгін Қазақ география қоғамының баспасөз қызметі.

П. Салопек өзінің бірегей жаяу саяхатына 2013 жылы шыққан болатын. Ол 7 жыл ішінде 35 000 шақырымды жүріп өтіп, адамзаттың көшіп-қонуының 60 000 жалдық тарихын қайталауды жоспарлған. 

Ол өзінің саяхатын «Жұмақтан серуенге шығу» деп атаған. 
Жиhанкез өзінің ұзақ жолын Африка құрлығының Эфиопия елінен бастады. Қазір міне, Қазақстанға жетті. 
Елімізде Пол екі ай уақыт болады. Ол өз мақаласында Қазақстанның тарихы мен табиғаты туралы сыр шертеді. 
Шет елдік жиhанкез жолда қарапайым қазақстандықтардың үйіне түнеп шығуды жоспарлап отыр. Қалалар мен ауылдарды, шөл далаларды басып өте отырып, ол қазақ халқының мәдениетімен және табиғатымен етене танысқысы келеді. 
Салопек өз мақалаларын National Geographic Magazine журналына жариялайтын болады. Әркез 1160 шақырым жолды басып өткен соң, ол осы жүріп өткен жері жайлы күнделігіне көрген-білгендерін жазып, тоқтаған жеріне белгі ретінде «жол тасын» қалдырып отырады.




​ҚазАқпарат
нравится:    681
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии