Әлем жаңалықтары
19 шілде 14:11
Науқасқа көмек берудің орнына телефонмен сөйлесіп отырған дәрігер Желіні шулатты

Фото: www.sn.kz


Instagram желісіндегі bespredel.kaz парақшасында жарияланған видео жұрттың ашу-ызасын тудырып, қоғамдық талқыға салынып жатыр.

Видеодан дәрігердің ауруы жанына батқан жігіттің «ауа керек, мынау аз, жетпейді» деп айғайлап жатқанына мән бермей, жайбарақат қалыпта телефонмен сөйлесіп отырған сәтін анық көруге болады. Болып жатқан жайтты телефонына түсіріп тұрған ер кісі жігіттің ауыр халіне жаны ашып, дәрігерден көмек сұрап айғайлаған даусы да естіледі. Ал, роликтің негізгі кейіпкері - ақ халатты абзал жан бас дәрігермен сөйлесіп, кеңес сұрап отырғанын тілге тиек етеді.

Видео авторының мәлімдеуінше, оқиға Атырау қаласындағы ауруханалардың бірінде болған орын алған. 

Желі қолданушылары мұндай жағдайларға жиі куә болып жүргендерін айтып, «Бұл Қазақстан. Бірінші рет емес, көрген күніміз осы ғой ылғи», «Мына әйел адам өлейін деп жатса, телефонмен «не істейін?» деп сұрап отыр ма?», «Түсіріп тұрған адамның жүйкесі мықты екен. Мен ана отырған дәрігерді ұрып жіберер едім», - деген сипаттағы пікірлер қалдыруда. 

 

Мал!!! Баска созим жок!!!

Публикация от Беспредел!!! (@bespredel.kaz)



 

Комментарии




Яндекс.Метрика