19 Август
01:53
Астана: 15 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Спорт
30 маусым 15:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Назым Қызайбай кәсіби боксқа ауысуы мүмкін

 Екі мәрте әлем чемпионы атанған қазақ қызы Назым Қызайбай әуесқой боктан кәсіби боксқа ауысуы мүмкін. Бұл туралы әйелдер боксы бойынша әлемдегі бірінші промоутерлік компанияның бас директоры Сергей Завилейский мәлімдеді. Ол Н.Қызайбаймен алдын ала келіссөз де жүргізіп үлгерген. «Жуырда мен «Қазақстан Барысы – 2016» турниріне  қатысу үшін Қазақстанға барамын. Осы сапарымда Қазақстанның боксшы қыздарын біздің промоутерлік компанияға тарту үшін бірнеше кездесу өткізбекпін. Күні бүгін мені Назым Қызайбай қатты қызықтырып отыр. Мен алдын ала келіссөз жүргіздім және ол да қызығушылық танытты. Тек бірер шаруаларды шешу ғана қалды. Жақын арада бұны да жасаймыз деп ойлаймын»-деген.
 
Еске сала кетейік, 21 мамырда кәсіби рингке қазақстандық Фируза Шарипова шыққан болатын. Осыдан кейін әйелдер боксы бойынша әлемдегі бірінші промоутерлік компания онымен келісімшарт жасасқан. Қазір Фируза Мәскеуде өзінің екінші жекпе-жегіне дайындалуда.

24.kz 
нравится:    719
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии