21 Август
19:53
Астана: 25 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Кербез
5 мамыр 16:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Неге қазақстандық әйелдер шетелдіктермен тұрмыс құруға әуес?
Қазақстанда ұлтаралық некелер саны күн санап өсуде.  Қазақ қыздарының өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуға талпынуын мамандар тәрбие берудің өзгергендігімен байланыстырады: қазіргі ата-ана қыздарды бұрынғыдай қатаң қадағалауда ұстамайды, ал ұлдарды қатты еркелетіп жібереді.


10 жыл бұрын испандық азаматпен некелескен 35 жастағы Марал туралы туысқандары көп айта бермейді. Марал күйеуімен Еуропада тұрады. Олардың 3-жасар қызы бар. Дегенмен, Марал Оңтүстік Қазақстанда туған анасының ауылына бір рет те келмеген деп жазады “Радиоточка”.

“Менің ата-аналарым әлі күнге дейін сол ауылда тұрады. Олардың жеке бизнесі бар. Ауылда бизнес ашуларына күйеуім екеуіміз септік болғанбыз. Дегенмен күйеуіммен бірге өз ауылыма келе алмай отырмын. Менің ойымша, бәрі маған сын көзбен қарайтын сияқты. Ата-аналарымыз бізге келіп тұрады. Сол себепті туысқандарымыз менің шетелдікке тұрмысқа шыққанымды түсініп жүрген болар. Бірақ бұл жағдайды ешкім ашық талқылаған емес. Мені шетелдікпен некелескенім алаңдаттырмайды. Алайда ата-анама ыңғайсыздық тудыруда”, – дейді Марал.

Қазақ этнографы Ахмет Тоқтабайдың пікірінше, шетелдікпен некелесу жақсылық әкелмейді. Ол бұл жағдайды қазақтардың қыздарына дұрыс тәрбие беруден қалғандығының салдары деп есептейді.

“Бұрындары қазақтар қыздарының тәрбиесіне ұқыптылықпен қарайтын. Көп тыйым салған. Қыздар дәстүр мен ырымды сақтап жүретін. Қазіргі қыздар әлемдегі барлық жігіттерге күйеуге шыға береді. Еліміз мұнай, металл ғана емес, қыздарын да өзге елге сататын мемлекет секілді. Бұның басты себебі, бізде ұлттық тәрбие қалмады. Қыздар ақшасы көп қалталы азаматтармен некелескенді жөн санайды”, – дейді Тоқтабай.

Ал 75 жастағы қазақ ақыны Надежда Лушникова бойжеткендер өмірлік серіктерін өз қалауымен таңдауға ерікті деп санайды. Ал аралас некелер, ақынның ойынша – жаһанданудың бір көрінісі.

“Жаһандану жүріп жатыр. Біздер бірігудеміз. Сол себепті, бұған үрке қараудың қажеті жоқ. Біз жаман халық емеспіз. Жігіттеріміз де нашар емес. Мен өзім орыс отбасында дүниеге келсем де, қазақ жігітіне тұрмысқа шықтым. Орыстардың отбасылық қарым-қатынасы өзгешелеу. Қазақтар ұлдарын тым қатты еркелетеді. Нәтижесінде, тіпті ауылда туған ұлдар бір шеге қағып, бақша қопаруға да жалқауланады. Тек өздерін бағып-қақса екен деген жігіттердің саны 60 пайыздан асады. Олар астың қашанда дайын болғанын, киімдері үтіктеулі тұрғанын әйелдерінен талап етеді. Ал заманауи қыздарға мұндай қарым-қатынас ұнамайды”, –  дейді ақын.

Психологтар Лушникованың бұл пікірімен келісіп отыр. Олар қазіргі қыздардың түрлі көзқараста екенін айтуда. Біреулері дәстүрді қатал ұстанса, біреулері оны елеп жатқан жоқ.

Сана Жұмабекова бүгінгі күнде қазақ бойжеткендерінің заманнан қалыспай дамып келе жатқанына баса назар аудартты. Олар бірнеше тілді меңгеріп, көлік басқара алады. Әлем аралап, саяхатқа шығады. Өз дамуына көп күш жұмсаған мұндай қыздар қасында өздерін бағалайтын лайықты жігіттің болғанын қалайды. Дербес тіршілікке дағдыланған әйелдің ер мінезділігі жеке өміріне кедергі келтіруде.

Психолог, мұнымен қоса, көптеген қазақ қыздарының шетелде білім алуы да мінездеріне әсер ететіндігін алға тартты.

“Батыс мәдениетін сіңірген қыздар жаңа ортаға бейімделіп, еліне оралғысы келмей қалады”, – дейді Жұмабекова.

Дереккөз: Nur.kz
нравится:    685
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии