Кербез
23 мамыр 10:50
Некені қалай сақтауға болады: әйелдерге кеңес
Көбіне әйелдер қауымы некені сақтауға тырысады. Феминизм жақтаушылары не айтса да, ер адамдарға қарағанда әйелдердің негізге құндылығы отбасыға негізделген. Әйелдер үшін ең бастысы – бұл қарым-қатынас. Сондықтан, адал жарлар, шаңырағын қисайтпай нық ұстап отыруға талпынатындарыңыз үшін сіздерді мақтан тұтамын. 



Некені сақтаудың ең бірінші де маңызды ережесі – өз жарыңызға сезіміңізді білдіре білу. Ақылды жар сүйікті адамының мінезіндегі ерекшеліктерді өзінің пайдасына қалай асыру керек екенін біледі. Мысалы, барлық ерлердің мінезінде эго көп кездеседі (болмауы өте сирек кездеседі). Ақымақ әйел білместікпен немесе әдейі үнемі ерінің мінезіне тиіп қалады. Ал, ақылды жар өз сүйген жарының бағасын қалай көтеруді біледі және мұны шынайылықпен жасайды. 

Ешқашан еріңізді төмен түсірмеңіз және оның кемшіліктерін жұрт алдында айтпаңыз. Оның артынан мүлде өсектемеңіз. Ол ер адам ретінде не сезінетіндігін түсінуге тырысыңыз. Қаншалықты сіз бұл қағидаларды бұзатын болсаңыз, соншалықты сіз арадағы қарым-қатынасты бұзасыз.

Екіншіден, қарым-қатынастарыңызды нығайту үшін жарыңыз жайлы пікірлеріңіз шынайы болсын. Мүмкін, сіз кейде өзіңіздің құрбыларыңыздың күйеулеріне қарап қызығатын боларсыз. Бірақ есіңізде сақтаңыз: шөп басқа аумақта үнемі жасыл болмайды ғой. Армандаудың орнына, сіз жарыңыздың осындай болғанына шүкіршілік етуіңіз керек. Ол, мүмкін, басқа күйеулер сияқты ауқатты, ақылды немесе сымбатты емес шығар, бірақ оның өзіндік таң қалдырарлық қабілеттері болуы ақиқат. 

Жарыңызға киліге бермеңіз жіне әрқашан оның қателіктерін жөндемеңіз, әсіресе ол кішкентай ғана болса. Ең нашары, оны төмен түсіруден басқа – талаптарыңызды айтып қинау.  Ер адамдар бай балам салғанды ұнатпайды. Кез келген талаптың орны болуы керек.  Талаптарыңызды айта берудің орнына, сыпайы жіне сабырлы түрде отырып сөйлесіңіздер. Әрине, отбасында ер адам көп байбалам салатын жағдайлар да болады. Біздің барлық кеңестеріміз тек әйелдер қауымына ғана емес, жарымен қалай тіл табысуды білмей жүрген азаматтарға да арналатыны анық. Сүйікті жарыңыздың талабына жауап беріңіз және оның пікірін сыйлауға тырысыңыз.

Барлығын барынша сабырмен шешіңіз, әйтпесе кикілжің одан әрі күшейе түседі. Ал ,ашу жиналып, миыңыз сізге бағынбай кетсе, бір-біріңізді түсінуден қаласыздар. Ғұламалардың айтуы бойынша : «ашу – дұшпан, ақыл –дос». Қарым-қатынасты үнемі бар күшпен қолдау керек.

Сонымен, төртінші әрі соңғысы – сөйлесу тәртібі. Қандай да бір т.сініспеушілік болған жағдайда, бірден айтып, шешкен дұрыс. Олар өздігінен шешіліп және ұмытылып кетеді деп ішіңізге сақтаудың қажеті жоқ! Айтыңыз! Адамға сөйлеу қабілеті сол үшін де берілген, өкінішке орай, адамдардың ойын оқи алмаймыз. Сабырлы түрде сөйлеңіз. Және де бұл ереже керек уақытты және жерді таңдауға көмектеседі. Өзіңізді қызықтырған сұрақтарды көпшіліктің алдында еш уақытта қоймаңыз.

Міне, осы өз отбасыңызды сақтауға арналған ең негізгі қағидалар. Сүйіңіз және сүйікті болыңыз!
 
 Дереккөз: http://www.zhenskoeschastie.com

Комментарии




Яндекс.Метрика