24 Ноябрь
11:50
Астана: -6 °C
Алматы: 1 °C
USD/KZT: 330.00
EUR/KZT: 390.72
RUB/KZT: 5.65
CNY/KZT: 50.13
Кербез
7 қазан 15:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Некені тіркеуге электрондық өтініш беру

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі аясында ерлі-зайыптылардың құқықтық қарым-қатынасы реттеледі.

Неке (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ болып саналады.
Қазіргі техниканың дамыған заманында некеге тұруға http://egov.kz/ сайтына кіріп, электронды өтініш беруге болады.

Қызметті онлайн алу үшін некені тіркеуге өтініш берушіге:

Авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
Өтінімде ерінің/зайыбының ЖСН көрсету және неке тіркелетін  АХАТ таңдау.
Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңба) қажет.
Бұрынғы ерінің/зайыбының өтініш беруді растауын алу. Өтініш 48 сағаттан артық емес растауды күтуі мүмкін, одан кейін күшін жояды.

Ал, некені тіркеуді растаушыға:

Авторлану және «Қызметтерді алу тарихы » тарауында қол қоюды күту сұранымын таңдау.
Өтінімді толтыру және оған ЭЦП қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).
Егер өтінішті беруші төлемесе, қызметті төлеу қажет.

Сонымен қатар, төлем төлеу барысында:

Салық органын көрсету.
ТТК 910 көрсету – Жалпы белгіленген тәртіп.
Төлем тәсілін таңдау (кез келген банктің төлем карталары немесе «Сбербанк» АҚ ЕЮ дербес шоты арқылы).
Төлем картасының/дербес шоттың мәліметтерін енгізу (нөмірі, иесінің ТАӘ, қолданылу мерзімі және CV-код).
Төлемнің аяқталуы бойынша төлем туралы чек қалыптасатын болады. Барлық чектер жеке кабинетте «Қызметтерді төлеу тарихы» тарауында сақталады.

Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).

Сонымен қатар, электрондық өтінім беру үшін екі өтініш беруші де некеге алғаш отырған болуы және балалары болмауы қажет. Екінші және одан кейінгі некені тіркеуге өтінішті портал арқылы  беру мүмкін емес.

Некені тіркеуге онлайн өтінішті некелесудің белгіленген күніне дейін 30 күнтізбелік күн бұрын беру қажет.

Азаматтар өтініші Халыққа қызмет көрсету орталығының «өзіне-өзі қызмет көрсету» секторы арқылы тапсыруына болады. Ол жерде жауапты қызметкерлер түсіндірме беріп, көмек көрсетеді.

Дереккөзі: neke.kz
нравится:    1180
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии