17 Декабрь
14:14
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
8 қыркүйек 10:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Неміс инженері 100 тонна алтын тиелген жүк көліктерін тапты
Неміс инженері Екінші дүниежүзілік соғыстың басында жасырылған жүздеген тонна алтынды тапты, - деп хабарлайды "Московский комсомолец".


Неміс инженері бұл хабарды Bild басылымына адвокаты арқылы хабарлады. Инженер алтынның нақты қай жерде орналасқанын георадар арқылы анықтағанын айтып отыр.

Адвокаттың айтуынша, жүздеген тонна алтын тиелген жүк көлігі 15-17 метр тереңдікте орналасқан жерасты шахтасында жатыр. Ол мұндай жасырын жердің екеу: оның бірінде бес жүк көлігі, екіншісінде алты жүк көлігі бар екенін айтты.

Басылымның мәліметінше, "алтын тиелген жүк көлігі" туралы аңыз бұрыннан бар. 1941 жылдың шілдесінде Смоленск қаласын неміс әскерлері басып алып жатқан кезде қалалық банктен бағалы заттар тиелген бірнеше жүк көлігін Вязьма бағытына қарай әкеткен. Көліктерде алтын, күмістер мен қымбат металдан жасалған монеталар, қағаз ақшалар болған.

Днепрден өткен жүк көліктерін Соловьево ауылына жақын маңда немістер басып алады. Дегенмен жүк көліктерінің бір бөлігі Относовоға дейін жеткізілген. Жүк көлігіндегі жауынгерлердің бірі қағаз ақшаларды өртеп, бағалы заттарды жасырып қалған деген аңыз бар.

Жергілікті тұрғындар көліктерден алтындардың шашылғанын көргенін айтады. Ондаған жыл өткеннен кейін сол жерлерден ұқсас заттар табылды.
Толығырақ:http://kaz.tengrinews.kz/world_news/nems-injener-100-tonna-altyin-tielgen-juk-kolktern-taptyi-264685/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Дереккөзі: tengrinews.kz
нравится:    1208
Теги: Қаржы және экономика, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии