17 Декабрь
21:36
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
28 шілде 17:02
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Непал тұрғыны ауру баласын емдету үшін 10 жасар баланы құрбандыққа шалған
 

Непалдың оңтүстік-батысында орналасқан елді-мекенінде жаға ұстатарлық жағдай орын алды. Кодай Хариджан есімді жергілікті тұрғын өзінің ауыру баласын құтқару үшін 10 жастағы баланы құрбандыққа жалған деп хабарлайды CNN.

Кодай Хариджан науқас баласын емдеу мақсатында тәуіпке барған.
Әлгі емші болса баланы ауруынан айықтыру үшін өзге сәбидің қаны керектігін айтқан. Хариджан ойнап жүрген 10 жасар баланы алдап, оған 50 рупий ақша беріп ауылдың шетіне шығарып, тәуіппен бірге оны құрбандыққа шалған.

Жоғалған баланың ата-анасы жергілікті құқық қорғау органдарына хабарласқан. Полиция қазір бұл іске қатысы бар деген күдікпен 11 адамды қамауға алды. Олардың бесеуі өз қылмыстарын мойындап отыр.
Ендігі кезекте қылмыс жасағандар өмір бойы темір тордың ар жағында жазаларын өтейтін болады. Ал, құрбандықтан кейін Хариджанның ұлының жағдайы қалай болғаны белгісі.
Жергілікті құқық қорғау органдары дуагерлік, сыйқыршылық жасауға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын үдете жүргізетіндіктерін хабарлап отыр.
нравится:    1375
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии