13 Декабрь
11:26
Астана: -24 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Авто
4 қараша 09:20
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Непалда жолаушылар автобусы шыңырауға құлап кетті
Жолаушылар автобусы Непал астанасы Катмандудан 85 шақырым жерде шыңырауға құлап кетті. Кемінде 35 адам қаза тауып, бірнеше ондаған адам түрлі жарақат алды.



Жергілікті полиция хабарлағандай, автобус Гималай тау жолында келе жатып, жолдан сырғып кетіп, 200 метрдей жерге ұшып барып  құлаған.
Полиция өкілі автобустың лық толы болғанын, тіпті кейбір адамдар автобустың төбесінде отырғанын хабарлады.
Би-би-си хабарлағандай, Непалда жанар-жағармайдың жетіспеуі салдарынан қоғамдық көліктер тоқтап қалуда, ал басқа көліктер амалсыздан мөлшерден көп жолаушы мінгізуге мәжбүр. 

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    767
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии