17 Август
23:34
Астана: 20 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
28 сәуір 14:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Непалдағы жойқын зілзала апаттың басы болуы мүмкін
25 сәуірде орын алған Непалдағы жер сілкінісі Гималайды жермен-жексен ететін апаттың бастамасы болуы мүмкін. Бірақ ғалымдар болжамды жер сілкінің қашан және қандай дәрежеде орын алатындықтарын нақты айта алмай отыр.

 
Мамандардың тұжырымдары бойынша, 7,9 магнитурада орын алған непальдық жер сілкінісі  бұрыннан айтылып келе жатыр. Ендігі кезекте  аталған өңірде сейсмикалық тыныштық мерзімі аяқталды деп тұжырымдайды геологтар. Олардың сөзіне қарағанда, келесі жер думпулері елдің батыс өңірінен күтуге болады.

Француздық геолог Лоран Боланже,  зілзаланың кіндігі болып есептелетін участіктер бірнеше ғасырлар бойы сейсмикалық тұрақты аумақ болып келді. Жер асты дүмпулері 15 км тереңдікте орын алды. Дәл осы жерде тектоникалық қозғалыстар байқалуда. Қабатты қапсырта итеру қысымның жоғарлауына алып келеді, соның салдарынан жер қыртысының жыныстары ұстап тұра алмай ол жарыққа алып келеді.

«Непал астында орналасқан тектоникалық плита, бірнеше жүз қатарынан жер қыртысының жарылған нүктесіне қарай жақындап келеді»,- деді үндістандық геофизик Винод Гаур. Ол Гималайда орын алуы мүмкін зілзала апаттары туралы 2001 жылы ескерткен болатын.

Непал территориясында магнитудасы 7,9-ға тең жер сілкінісінен қаза болғандар мен жарақат алғандар саны күн санап артып келеді. Соңғы деректерге қарағанда, 4,2 мың адам табиғи апаттың құрбаны болса, 6,5 мың адам жарақат алған. Ондаған мың адам үй-күйсіз қалды.

 
нравится:    676
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии