12 Декабрь
06:52
Астана: -17 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Экономика
11 маусым 11:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Несие берушілер Грекияның жаңа ұсыныстарымен келіспейді
Несие берушілер Грекияның жаңа ұсыныстарымен келіспейді dni.ru Грекия үкіметі Еурокомиссияға елдің қарызын өтеуі туралы жаңа ұсыныстар жасады. Алайда несие берушілер үштігі бұл ұсыныстармен келіспейтін сияқты.

Грекия қатаң үнемдеу шараларын қарастырмайтын борыш өтеу жолын ұсынбақ. Алайда Еуроодақ пен Халықаралық валюта қоры Афинаның ұсынған жоспарымен келісетін түрі жоқ. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Еурокомиссия, Грекия, Германия, Франция басшыларының Брюссельде өтетін кездесуі кейінге шегерілуі мүмкін. Грекия 7,2 млрд еуро мөлшерінде қаржылай көмек алу үшін Еуроодақ елдерімен 30 маусымға дейін бір мәмілеге келу керек. Ал оған дейін Халықаралық валюта қорына 1,6 млрд еуро қарызын қайтаруы тиіс. Йерун Дейсселблум, Еуротоп төрағасы: - Бізге Грекиядан жаңа ұсыныстар түсті. Мәселені шешу жолын анықтау үшін сарапшылар ұсынылған жаңа жоспарды мұқият зерттеп жатыр. Сондай-ақ Афин билігі осы ұсыныстарын несие берушілердің талаптарына бейімдеу үшін сарапшылармен қосымша техникалық кеңесулер өткізуі тиіс. Грекия жағынан зор үміт байқалады, бірақ жағдай күрделі.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    573
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии