21 Август
06:54
Астана: 6 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
14 желтоқсан 16:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Несиеге алған ақшаны қалай дұрыс пайдалану керек?
Қазіргі кезде барлық дерлік ірі сауда орталықтарында лездік несие алу мүмкіндігі бар – төлқұжаты бар несие аламын деушілердің барлығына оны рәсімдеп береді. Бірақ оңай ақшаға алданудың қажеті жоқ: қарыз беру рәсімі қаншалықты оңай өтсе, төлемдер бойынша пайыздар соншалықты жоғары болады.

Несиені қалай алса болады  

Несие сізге шынымен пайда әкелу үшін және сізді құрдымға ұшыратпау үшін, оны алу кезінде барынша мұқият болып, егжей-тегжейлі ойластырғаныңыз жөн.

Стратегиялық жоспарлау
Өміріңіз шексіз төлемдер тізбегіне айналып кетпеу үшін бір уақытта екеуден артық несие алмауға тырысыңыз. Қарыздарды тек қана өз (отбасылық) табысыңызға қарап төлеу керек, асыра несиелендіру жаңа шығындарға алып келіп, нәтижесінде сізді қарыз тұзағына түсіреді. Мүмкіндіктеріңізді байыппен таразылаңыз. Қазіргі табысыңыздың несие кезеңінің соңына дейін сақталатындығына сенімдісіз бе? Сенімді болмасаңыз, онда талаптар мен мерзімдерді қайта қарастырғаныңыз жөн. Төлемнің сомасын есептеген кезде оның сіздің ай сайынғы табысыңыздың 20 %-нан аспау керектігін ұмытпаңыз. Несиені төлеп жүрген кезде неден бас тарту керектігін елестетіп көріңіз, сөйтіп есептеулеріңіздің барлығын қағазға жазып қойыңыз – ауыртпалықтың ауқымын және бюджеттің жағдайын осылай бағалаған оңай. Егер қауіп мейлінше аз болса және шектеулерден қорықпасаңыз, онда рәсімдеуді жалғастыра беріңіз.

Несие алу үшін банк таңдаймыз
Банкке (немесе бірден бірнеше банкке) несие алуға өтініш бермес бұрын ол туралы мейлінше көп біліп алуға тырысыңыз. Мұндай ақпаратты ғаламтордан – форумдарда немесе ресейлік банктерге арналған беттерде оп-оңай тауып алуға болады. Несие алу үшін талап етілетін құжаттар жиынтығын байқап көріңіз: талап неғұрлым жоғары болса, артық көп ақша төлемеу ықтималдығы да соғұрлым жоғары болады. Егер жалақы сіздің банктік карточкаңызға аударылатын болса, онда алдымен «сіздің банкіңіздің» корпоративтік клиенттерге ұсынатын несиелендіру талаптарымен танысу маңызды. Сіз тек ақшаңызды (төмендетілген пайыздық мөлшерлеме) ғана емес, уақытыңызды да үнемдейсіз, өйткені банк сіздің төлем қабілеттілігіңізден хабардар және қосымша анықтамаларды талап етпейді. Несие бойынша, яғни жарнамадағы емес, шын мәніндегі тиімді мөлшерлеменің қанша екенін  міндетті түрде біліп алыңыз. Клиенттің қарызды пайдаланғаны үшін төлейтін сомасына әдетте банк несие бергені, шотты жүргізгені және т.б. үшін шығындарды қосады. Заң бойынша банк қызметкері сізге барлық болуы мүмкін шығындар туралы мәлімдеуге тиіс, бірақ бұны өзіңіз біліп алғаныңыз жөн. 

Шарт
Шартқа қол қоймас бұрын құжатты, әсіресе, кішкентай әріппен жазылған жолдарын мұқият оқып шығу қажет. Әдетте алуан түрлі комиссиялық төлемдер, төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар туралы ақпарат осындай жолдарда болады. Несие маманымен даулы тұстардың барлығын талқылаңыз, өйткені банктің ғана ақшасын емес, өзіңіздің де ақшаңызды салғалы жатырсыз. Есіңізде болсын: шартқа қол қойылғанға дейін несиеден бас тартуға және ең лайықты жолын таңдауға толық құқығыңыз бар.

Дереккөзі: kz.everydayme.com
нравится:    1027
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии