21 Август
16:09
Астана: 26 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
5 ақпан 14:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Несиеге білім алған студенттер қарызы сот арқылы өндіріледі
На что может рассчитывать потенциальный  студент, оформляя образовательный кредит?

Несиеге білім алған студенттер қарызы енді сот арқылы өндірілмек. Наурыздан бастап борышкерлерге сотқа шақырту қағаздары жіберіле бастайды. 1999 және 2005 жылдар аралығында Үкімет 58 мың жасқа 15 млрд теңге шығындаған. Бірақ 15 жыл ішінде соның тек 10 пайызы ғана қайтарылыпты. Бұл туралы ​Baq.kz хабарлайды.
Дәурен Рабилов - Үкіметке берешегі бар борышкердің бірі. Ол 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін білім несиесімен тәмамдаған. Келісімшартқа сай, оның 4 жылға төлер оқу ақысы 412 мың теңгені құрапты. Енді оны шұғыл қайтаруға ниетті. Дәурен Рабилов, борышкер: Осы аталған соманы 2020 жылға дейін төлеп бітіру керек екен. Енді менің көптеген группаластарым бар, өзім, шынын айтқанда, қазақбайшылықпен жүрдік қой. Түсінеміз, енді алған білімді төлеу керек. Аталған сома бойынша жылына белгілі бір төлемдерді төлеп тұру тиіс. Несиеге білім алу жүйесі 1999 бен 2005 жылдар аралығында жүргізілген еді. Баллы жоғары, бірақ грантқа түсуге жетпей қалған абитуриентке мемлекет қарызға оқуға мүмкіндік берген. Бұл - пайызы да, өсімі де жоқ ұзақмерзімді шарт. Несие бойынша 58 мың студент білім алып, қордан 15 млрд 288 млн теңге бөлінген. Бірақ соның тек 6 млрд ғана кері қайтарылып отыр. Мырзабек Әуезханов, «Қаржы орталығы» АҚ бас менеджері: 17 мың студент өздерінің толықтай қарызын өтеп шыққан. Қалған борышкерлер бойынша қазір біздің қоғаммен үлкен жұмыстар жасалынып жатыр. Бірінші және мемлекеттік кредиттік бюромен келісімшартқа отырып, қарызын өтемей жатқан борышкерлер бойынша ақпарат беріп жатырмыз. Енді борышкерлер қара тізімге енеді. Демек, оқу ақысын төлеу мерзімінен 180 күнге кешіккендер банктерден несие, не ипотека ала алмайды. Тіпті шетелге де шыға алмай қалуы мүмкін. Ал 1 наурыздан бастап, қарызын мүлде төлемегендер сотқа шақыртылады. Мырзабек Әуезханов, «Қаржы орталығы» АҚ бас менеджері: Біз 99-шы, 2000-шы жылғы бітірген студенттер бойынша толықтай қайтармағандарды сотқа беріп жатырмыз 1 наурыздан. Сонымен бірге қазір мәліметтер жинап, 1 наурыздан бастап талап-арыз негізінде шығындарды өндіре бастаймыз. Жалпы жұмсалған қаражат борышкерлерден 2020 жылға дейін толық өндіріліп бітуі тиіс. Қаржы орталығы ескерту қағаздың еселенуі сеп болса керек, соңғы 3 жылда төлемде біршама өсімнің байқалғанын айтады. Мәселен, 2013 жылы - 851 млн, 2014 жылы - 1,06 млрд, ал 2015 жылы - 1,3 млрд теңге қазынаға қайтыпты. Несиеге оқығандардың денін Алматыдағы жоғарғы оқу орындарын бітірген түлектер құрайды екен.

 
нравится:    793
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии