қаз
New York Times журналистері Желідегі қарым-қатынас қағидаларын атады
19 қазан 2017, 12:44
38
Американың The New York Times газетінің журналистері желідегі қарым-қатынас қағидаларын жария етті. Бұл ережелер журналистерге арналған.

Бас-аяғы 16 тармақтан тұрады. Газет басшылары журналистерді әр мәселеде бейтарап болуға, саяси күштер мен тұлғаларды насихаттамауға, ар-намысты қорлайтын пікірлер жазбауға шақырады.

Сондай-ақ коммерциялық құрылымдарға шағым айтпауға, «құпия» топтарға кірмеуге, барлығымен сыйластықта болу ережелері қарастырылған.

Мұндай ережелер жинағын жасауға оқырмандардың журналистердің желідегі әр пікірін газет редакциясының ұстанымы ретінде қабылдауы себеп болыпты.
Дереккөз: Метро

Жаңалықтар