23 Август
12:22
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
15 шілде 12:02
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ниццадағы теракт орнында еліміздің төрт азаматы болған – ҚР СІМ

 
Ниццадағы теракт кезінде оқиға орнында төрт қазақстандық болған. Төртеуі де дін аман. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов мәлімдеді.
 
«Террорлық акті қоғам үшін зауал. Франция халқына көңіл айтамыз. Алдын ала дерек бойынша қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бірақ теракт орын алған уақытта онда еліміздің 4 азаматы болған»-деді Әнуар Жайнақов.
 
Кешегі күні Бастилияны алу күніне орай Ниццада өткен отшашудан кейін жүк көлігі адамдарға соқтығысқан болатын. Куәгерлердің жеткізуінше, жүк көлігі адамдарды екі шақырымдай жол бойы қаққан. Осыдан кейін атыс басталған. Франция Президенті Франсуа Олланд бұл оқиғаны теракт деп атады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында ресейліктер бар. Террористің кім екені анықталмаған, бірақ жүк көлігін Ниццаның 31 жастағы тұрғыны басқарған деген дерек бар. 
нравится:    617
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии