17 Октябрь
23:03
Астана: 10 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 333.53
EUR/KZT: 392.10
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.40
Әлем жаңалықтары
19 тамыз 15:47
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Нидерланд Еуроодақтан шығуға ниетті

 
Brexit бітіп, Nexit-тің жыры басталды.
 
Нидерландының Бостандық партиясы Еуроодақтан шығу туралы референдум жобасын дайындауда. Бұл туралы партия көшбасшысы Герт Вилдерс мәлімдеді. Жеңіске жеткен жағдайда барлық санкцияны алып, Мәскеумен арадағы бұрынғы қарым-қатынасты қалпына келтірмек.
 
Бостандық партиясы елдің үшінші саяси күші болып табылады. Алайда оның көзқарастары саяси қарсыластарынан әлдеқайда бөлек.
 
Герт Вилдерс: «Соңғы айлардағы оқиғалар біздің Еуроодақтағы мүшелігімізге қатысты референдум мәселесін тездетіп шешуіміз керектігін көрсетті. Брюссель біздің кіммен экономикалық және саяси байланыста болуымыз керектігін нұсқамауы тиіс.
 
Ресеймен қарым-қатынасты қалпына келтіру Нидерланд үшін басым бағыт. Неше ғасыр бойы мемлекеттеріміз дау-жанжал болғанына қарамастан өзара серіктестіктің тек тиімді тұстарын көрді. Күні бүгін де Ресейге қарсы санкцияларды алу  біздің болашағымыз үшін қажет.
 
Брюссель өзгелердің пікіріне құлақ аспай, өз мүддесін ғана ойлап шешім қабылдайды. Ал Еуроодақтың өзі аймақтарды ұстап отырған, сондай-ақ біздің әлеуметтік жүйеміз бен демократиямызды ұрлаумен айналысатын  экспансиялық құбыжық»-деген.
 
Бостандық партиясы Еуроодақтан шығу ел үшін экономикалық тұрғыдан тиімді екеніне сенімді. Референдум жобасының авторлары келер жылдың наурызында өтетін парламент сайлауына дейін дауыс беруді ұйымдастыруға ниетті.
 
Дереккөз: izvestia.ru
нравится:    641
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии