19 Декабрь
04:14
Астана: -20 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
28 сәуір 15:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Николь Кидман театр сахнасына оралады
Атақты голливудтық актриса Николь Кидман  17 жыл үзілістен кейін  британдық театр сахнасына оралады, деп жазады kino-teatr.ru.
 

Кидман америкалық драматург Анны Зайглердің пьесасы бойынша қойылған «Фотография 51»  көрінісінде ойнайтын болады. Аталған көріністе Николь ДНК құрылымының ашылуына өзінің зор үлесін қосқан британдық биохимик-ғалым Розалинд Франклиннің (1920-1958) рөлін сомдайтын болады.
 


«Маған осы пьсада ойнау өте қызық. Себебі бұл көрініс көпшілік адамдар біле бермейтін әйелдің өмірін суреттейді»,- деді пьсаса туралы Николь Кидман. Сонымен бірге Кидман өзінің осы рөлін  өткен жылдың қыркүйек айында дүниеден өткен әкесі Энтони рухына арнайтындығын айтты. Актрисаның әкесі биохимик болатын, атақты әртістің сөзіне қарағанда, ол өзінің ғалым сомдайтындығына естігенде қатты қуанған.
Қойылым  үстіміздегі жылдың 14 қыркүйегі мен 21 қарашасы аралығында Ноэла Кауард атындағы театрда саханаланбақ. Спектакль режиссері — Майкл Грандаж.

Еске сала кетсек, Кидман 1998 жылы «Донмар Вэрхаус» ағылшын театрында дебют жасаған еді. Ол ойнаған спектакль «Голубая комната» деп аталды. Сол кезде ағылшынның театр сыншылары Николь Кидманның өнеріне жоғары баға берген болатын.

 
нравится:    777
Теги: Театрлар, мұражайлар, көрмелер,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии