Әлем жаңалықтары
11 қаңтар 14:20
Никотинге тәуелді қой шөптің орнына темекі жегенді ұнатады


Үндістанның Карнатака штатындағы Манджа қаласында темекі өнімдерін ұнататын қой Желі пайдаланушыларының жағасын ұстатты. Ол көбіне шәй сататын дүкендер мен базарлардың маңында жүрген жандардан темекі және басқа да табак өнімдерін дәметіп жүреді екен.

Қой никотинге тәуелді болғандықтан, шөп пен көкөністің орнына көбіне темекі өнімдерін жейтін болып шықты, деп хабарлайды dailymail.

Ол тіпті өңделмеген күйінде жапыраққа оралған темекіні де сүйсініп жейді.

Қойдың иесі Яшвант оның никотинге әуестігі жайылып жүрген кезден басталғанын айтады, ол басында жолында кездескен темекі тұқылдарын жеп әдеттенген.



«Оның кейде жол бойында жатқан шайнауға арналған темекі пакеттерін жалап тұрған сәттерін байқап қалдым», — дейді Яшвант журналистерге берген сұхбатында. – Оның никотинге тәуелділігі күннен күнге артып барады, ол қазір қарапайым жемнің орнына қорап-қорап темекі жегенді ұнатады».

Жергілікті фермерлер жануарлардың ішкі ағзасындағы кейбір ішек паразиттері мен құрттарын түсіру үшін кейде темекінің аздаған дозаларын пайдаланады екен. Егер жануарлар ауырып қалса, оларға темекіні көп мөлшерде беретінін фермерлердің өздері де мойындап отыр.
 



Дереккөзі: http://inshe.tv

Комментарии




Яндекс.Метрика