Әлем жаңалықтары
30 сәуір 16:48
Nokia әлемге әйгілі "кірпіш" телефонын қайта шығармақ

Android Authority компаниясы финляндиялық Nokia 2010 моделінің 25 жылдығына орай, келесі жылы телефонды қайта жасап шығаратынын мәлімдеді. 

Батырмалы "кірпіш" телефон 1990 жылдары өзінің ыңғайлылығымен аса танымал болған еді. Жаңа модель Nokia A10 деген атпен Азия мен Африка елдерінің тұрғындарына кең сатылымға шықпақ. A10 түрлі түсті дисплей, 4G/LTE, WhatsApp, Facebook сияқты қосымшаларға ие болып, Android оперативті жүйесімен жұмыс істейді. 

Дереккөзі: massaget.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика