27 Сентябрь
03:39
Астана: -1 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 339.68
EUR/KZT: 401.13
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.26
Туризм
16 қыркүйек 17:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Норвегияда ең үлкен жабық тау шаңғы орталығы салынады
Норвегия үкіметі әлемдегі ең үлкен жабық тау шаңғы орталығының құрылыс жобасын бекітті.  Аталған орталық Осло қаласынан 10 минуттық жерде салынатын болмақ. Жабық тау шаңғы орталығы нағыз  туристік курортқа айналады деп жоспарлануда. Онда қонақ үйлер, мейрамханалар, қысқы спорт түрлерінің академялары мен дүкендер қатар бой көтереді.



Жабық ғимараттың  басым бөлігіне, яғни  36 000 кв.м-ге қар төселеді. Тау шаңғысына көтерілу 550 метрлік ұзындықта және ені 100 метр болады. Түрлі деңейдегі 5 лифт жұмыс жасайды. Түсіру үш бөлікке бөлінеді және ол бір сағат ішінде 5 000 адамды түсіруге қауқарлы болмақ.


Сонымен қатар, орталық жобасында  бір уақытта 1 000 дейін адамды жоғарыға шығара алатын шаңғы трассасы салынады. Аталған алып құрылыс алаңы осы жылдың аяғында басталмақ.



Осы жерде айта кетейік,  жалпы тау шаңғы туризмінің тарихы Норвегияда ХІХ ғасырда басталды. Алғашқы жарыстар 1879 жылы Норвегия астанасы Христианияның (қазіргі Осло) маңында өтті. Норвегия шаңғы тебу шеберлігімен бірге шаңғы жасаумен де мақтана алған. 
 
Дереккөзі : The Local
нравится:    1003
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии