Әлем жаңалықтары
28 шілде 09:28
Норвегиялықтар әлемдегі ең үлкен балмұздақты дайындап шығарды
Норвегиялықтар әлемдегі ең үлкен балмұздақты дайындап шығарды


Норвегиялық Hennig Olsen компаниясы әлемдегі ең үлкен бисквит құтысындағы балмұздақты жасап шығарды, деп хабарлады TheLocal.no. Тәттінің ұзындығы 3,08 метрді құраған. Рекордты балмұздақ Швецияның Кристианстад қаласында желкеншілер жарысында көрсетілді. Ал әлемдегі ең үлкен балмұздақ арнайы тікұшақпен жеткізілген. Салтанатты шараны тамашалауға 9 мыңға жуық адам келіпті. Норвегиялық балмұздақты Гиннестің рекордтар кітабына тіркеу үшін арнайы комиссия мүшесі Глен Поллард келді. Айта кетейік, норвегиялық тәтті 2012 жылы иттальяндықтар орнатқан рекордты басып озды. Аталған тәттіні дайындау үшін 40 литр үй итбүлдіргенінің тосабы,1,08 мың литр ванильді балмұздақ және 60 литр шоколад кетіпті. Ал бисквитті құтының салмағы 75 килограмды құраған. Hennig Olsen қызметкерлерінің айтуынша, рекордты балмұздақты дайындау идеясы қаңтар айында пайда болған, ал тәттінің өзін дайындау үшін шамамен 4 ай уақыт кетіпті.

Дереккөзі:24.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика