23 Август
19:38
Астана: 28 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Мәдениет
12 қазан 09:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

"Новая волна" тарихында қазақстандық қатысушы тұңғыш рет жүлделі орынға ілікті
Сочи қаласында аяқталған «Жаңа толқын-2015» байқауының жеңімпазы хорватиялық Дамир Кедзо болды. Кедзо хрустальдан жасалған толқын түріндегі мүсіншені және 3,5 млн рубльді иеленді, деп хабарлайды РИА Новости.Еске сала кетейік, биыл бұл байқауда Қазақстанның намысын екі қатысушы: әнші Ademi және VoiceKZ тобы қорғады.

Жас әншілер байқауының қорытындысы бойынша қазақстандық әнші Ademi индонезиялық әнші Millane Fernandez-бен екінші орынды бөлісті. Екеуі де үш күнде 279 ұпай жиған, ал VoiceKZ квартеті 271 ұпаймен рейтингте үшінші орыннан сегізіншіге түсті. 

Ал үшінші орынды және 1,3 млн рубльді украиналық The Pringlez тобы алды. 



Осылайша, Ademi 2,2 млн. рубль мен «Көрермендер көзайымы» сыйлығын иеленді. Ademi, шын аты жөні Динара Қайырова, Алматы тұрғыны - халықаралық қатынастар және халықаралық туризм саласындағы жоғары білікті маман. Варнадағы (Болгария), Ресейдегі («Ресей жұлдызы»), Испаниядағы халықаралық музыкалық байқау лауреаты, Сочидегі «Еуропа үміті» халықаралық музыкалық байқауының екінші сыйлығының лауреаты. Мальта, Австрия, Германия, Италия және Чехиядағы түрлі халықаралық музыкалық фестивальдерге қатысқан.












Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    910
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии