22 Ноябрь
20:42
Астана: -6 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Мәдениет
21 қыркүйек 09:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Əнші Кентал Кəмшат Жолдыбаеваға үйлену туралы ұсыныс жасады
Əнші Кентал Кəмшат Жолдыбаеваға үйлену туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы продюсер Ерік Тастамбеков өзінің instagram парақшасында жазды.



“Санда екеуміз күтпеген жағдайдың куəгері болдық. Кентал Кəмшатқа ұсыныс жасады”, – деп жазады Ерік Тастамбеков.


Еске салай кетейік, қазір продюсерсіз жеке шығармашылығын қолға алған Кəмшат жуырда өзінің жеке шығармашылығы туралы  көпшілікке хабарлағаны белгілі. Ол 3 курс оқып жүргенде «Кешью» тобының құрамына қабылданған. Кейін Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының "Эстрада" факультетіне ауысқан. "Парыз", "Ғашық жүрек 2", "Тракторшының махаббаты" телехикаяларында, "Біржан Сал" фильмінде ойнаған. Өзінің жүргізушілік қырымен де елге етене танымал.

Ал «Халқым» атты әнімен көпшілік жүрегін жаулаған Кентал сыры мен сәні жарасқан Кәмшат аруды өзіне жар ете алады ма? Оны уақыт еншісіне қалдырдық... 
нравится:    5431
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии