|    |  
23 қыркүйек 2019
11:48
қаз
​Нұрғали Нүсіпжанов пен жас келіншегі шипажайда концерт берді
10 қыркүйек 2019, 14:56 398
Жақында ғана шаңырақ көтерген Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдеш Жетісудағы «Жаркент-Арасан» санаторийінде кішігірім концерт берді. Мұнда жүбайлар демалуға келген. Видео санаторийдің желідегі парақшасында жарияланды. Кешті Жадыраның өзі жүргізген.


 
«Армысыздар, ардақты ағайындар! Шипажайда біз концерт береміз деп жоспарлаған жоқпыз. Әсіресе менің жүргізуім аяқ асынан болып тұр. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін. Алып жатқан емдеріңіз күш-қуат беріп, аман-есен оралуды жазсын. Бала-шағаларыңызбен қауышуларыңызға тілектеспіз. Қасиетті жер жәннаты Жетісуға Нұрғали Нүсіпжановтың келуі бірінші рет емес. Бұл кісі осы өңірден түлеп ұшқан»-деп сөйлеген Жадыра содан кейін әншіні сахна төріне шақырған.
 
Әнші әнін әуелеткен.


 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар