|    |  
18 қыркүйек 2019
06:00
қаз
​Нұрғали Нүсіпжановтың 45 жас кіші жұбайы ел алдына жүрек жарды тілегін жеткізді
27 тамыз 2019, 15:48 275
82 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов кеше шаңырақ көтерді. Әншінің таңдауы өзінен 45 жас кіші, журналист Жадыра Сейдешке түскен. Жас келіншек тойға келген қонақтарға рахметін айтып, ел алдында еріне жүрек жарды тілегін жеткізген.


 
«Мен сіздің жан дүниеңіздің тазалығын сыйладым, көкешім. Енді, еш уақытта ауырып, мені қорқытпаңызшы. Сүрінбеңізші, құламаңызшы. Асқар тауым деп таңдадым ғой. Менің асқар тауым болып, Жамбылдың жасынан асыңызшы. Мен соған қызмет етемін деп келдім. Енді сіздің өміріңіз осы торттай тәтті өмір болсын. Әдемі жасыңызда әке атансаңыз, оның несі айып? Жақсы адамның артынан ұрпақ қалу керек. Алладан сіздің қолыңыздан ұстап тұрып, тек бір ғана тілек тілеймін. Кішкентай ғана Нұрғалиұлы біздің шаңырақты шаттыққа кенелтсін. Өмірге келетін сол сәбидің тілегімен күн кешейікші. Қашан да мен сізді арқа тұттым. Барым да, байлығым да - көкешім. Сіздерге көп рахмет! Тілеулес болғандарыңызға!»-деген ару.
 


Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар