17 Август
14:00
Астана: 20 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Мәдениет
1 наурыз 18:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Нұрғиса Тілендиев Қайрат Байбосыновқа қалай өкіл әке болды?


Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Қайрат Байбосынов «Астана ақшамы» газетіне берген сұхбатында Нұрғиса Тілендиевтің өзіне қалай өкіл әке атанған оқиғаны айтып берді.

«Мектепте оқып жүргенде Қарағандыға Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театры жазғы гастрольдік сапармен келді. 
Оны аталған театрдың директоры, кейін Мәдениет министрі болған Жексенбек Еркінбеков ағамыз бастап келді. Театр құрамында Ғарифолла Құрманғалиев, Нұрғиса Тілендиев, Ермек Серкебаев, Айсұлу Байқадамова және Әнуарбек Үмбетбаев секілді бірінен бірі өткен әйгілі әншілер бар. Сонда Нұрғиса ағамыз өзі фортепианода ойнап, мен оның «Жансәулем» деп аталатын әнін қосыла орындадым.
Өнеріме риза болғаны соншалық Нұрағам мені көтеріп алып: «Маған бала боласың ба?» - деді. «Мен боламын», дедім. Осы сөзді Алла аузыма салған болар, Алматыға оқуға түскенде Жүсекеңнің сабағына «Қайратты тыңдап кетейін» деп жиі келетін. 

Оқуыма да бір жыл болмаған шақ еді. Бірде Нұрғиса ағам келді. «Жүсеке, «Қыз Жібек» фильмі түсіріледі. Төлегеннің әндерін Қайратқа орындатам. Баламды маған бер» деп сұрады. Ұстазым абдырап қалды. «Қайрат әлі әннің әліппесін аяқтаған жоқ. Енді бас-тап жатыр, шикі ғой», деді. «Жоқ, Қайрат әнді алып кетеді. Оған сенімім мол» деп Нұрағам нықтап қойды. 

Қолымнан жетектеп кино түсіріп жатқан алаңға алып барды. Фильмді Қапшағай жақта түсіріп жатыр екен. Күн шыжыған ыстық. Тура төбеңнен өтеді. Маған Сансызбайдың рөлін бермекші болды. Одан бас тарттым. Мен әншімін, актерлік қолымнан келмейді деп. Төлегеннің әндерін толық орындап шықтым. Сөйтіп, өнердегі өкіл әкем - Нұрғиса болды», - дейді әнші Қайрат Байбосынов.

Дереккөзі: Астана ақшамы
 
нравится:    832
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии