23 Август
21:35
Астана: 23 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Мәдениет
14 желтоқсан 16:55
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Нұрлан Абдуллин Батырхан Шүкеновтің ұлына үй алып беру үшін $100 мың аударды
Батырхан Шүкеновтің азаматтық некедегі жары Екатерина Шелякова ресейлік телеарналардың бірінен ауыр жағдайда күн кешіп жатқандықтарын айтып көмек сұрауы көпшіліктің жағасын ұстатты. Сөйтіп, Батырдың  артынан қалған жалғыз тұяғын асырай алмай жатырмын деп жаһанға жар салған Шелякованың бұл әрекеті жұлдыздың туған-туыстары, достары мен әнін сүюшілерге аса ауыр тиді. Екатеринаның айтуынша, Батырхан дүниеден өткеннен кейін ұлы екеуі жалдамалы зәулім үйден кетуге мәжбүр болған еді. 



Америкада оқуын жалғастырып жатқан Мақсұтқа Батырхан ай сайын 8 мың доллар жіберіп отырған. Танымал әнші дүниеден өткен соң баласының шығындарын анасы төлей алмаған.  Қазіргі жағдайын 14 жастағы Мақсұт бейнеүндеу жолдап, өздерінің шет елде «бомж» атанғандарын айтқан болатын.

Енді менің әкем жоқ. Бұл мен және анам үшін өте қиын. Анам үнемі жылайды. Әрине, мен оны жұбатуға тырысамын. Бірақ оған бәрібір де қиын”, – дейді Батырхан Шүкеновтің ұлы Мақсұт Шүкенов.



Азаматтық некедегі жарының мәліметінен кейін әншінің атына  ашылған қоғамдық қор бірден  қомақты қаржы жинауға кірісті. Әншінің соңғы әндерін жинап “Аманат” атты диск жарыққа шығарды. Күні кеше ғана Республика сарайында отандық  және ресейлік өнер жұлдыздарының басын қосып қайырымдылық концерт өткізді. Одан түскен қаржы Мақсұттың оқуына аударылмақ.

Әншінің көмекшісі әрі қоғамдық қордың директоры  Олжас Байқанов Батырханның жалғыз баласына баспана алып беруді көздейді екен. Тіпті, бұл қорға белгілі әнші, әрі досы Нұрлан Абдуллин өз атынын 100 мың доллар аударған.

“Батырханның ұлы біздің де ұлымыз. Сондықтан, ақша аудардық”, – дейді Абдуллин.

Дереккөзі: 31 арна
нравится:    2518
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии