18 Декабрь
09:25
Астана: -21 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
19 маусым 17:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Нұрлан Албан Мәдина Сәдуақасованың бір жасар ұлына көлік сыйлады (фото)
Нұрлан Албан Мәдина Сәдуақасованың бір жасар ұлына көлік сыйлады (фото)


Әнші Мәдина Сәдуақасова ұлы Әнуардың 1 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті. 
Ұлының қуанышты күніндегі суреттермен ол желідегі ресми парақшасында бөліскен.
Туған күн кешіне келген қонақтар арасында Роза Рымбаева, Нұрлан Албан, Азамат Сатыбалды, Әли Оқапов сынды жұлдыздар бар.
 

Сәдуақасова қонақтардың не сыйлағанында жасырып қалмаған.
Кезінде «Таң қалмаңыз» бағдарламасын өзімен бірге жүргізген Азамат Сатыбалды кішкентай Әнуарға «Батырлар жыры» кітабын ұсыныпты.
«Әнуар өскенде біз бұл кітапты міндетті түрде оқытатын боламыз», — деп жазды Сәдуақасова.

 
Одан бөлек, Нұрлан Албан 1 жасқа толған Әнуарға балаларға арналған ойыншық көлік сыйлады.
«Сол күні сыйлықтар көп болды. Бірақ алғашқы көлігінің кілтін ағасы Нұрлан Албан табыстады», — деп жазды әнші парақшасына.
 
Еске сала кетейік, Мәдина Сәдуақасова өзінен бірнеше жас кіші Олжас Смағұлов есімді азаматқа өткен жылы тұрмысқа шыққан болатын.


 
нравится:    3424
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • карлыгаш2015-09-09 00:50:06
    оте