19 Декабрь
02:24
Астана: -21 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
6 сәуір 15:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Нұрлан Албан Моңғолияның "Алтын жұлдыз" медалімен марапатталды


Жуырда ғана БҰҰ-ның бейбітшілік елшісі атанған әнші-продюсер Нұрлан Албан кеше ғана Моңғолия Республикасының жоғары дәрежелі «Алтын жұлдыз» медаліне ие болды. 


 
 Бұл туралы әнші өзінің инстаграмдағы жеке парақшасында жазды.
«Әлһәмдулиллаһ. Аллаһу акбар! Моңғолия елінің үкімет шешімімен "Моңғолия Республикасының жоғарғы дәрежелі "Алтын жұлдыз" медалінің" иегері атандым. Бай Өлкенің ел-жұртының ниетіне үлкен рахмет!»,- дейді әнші.



Еске сала кетейік, Нұрлан Албан өзінің өнердегі шәкірті Мұратбек Қайролламен Моңғолияның қазақтар көп қоныстанған Бай-Өлке ауданына барып жеке концерт берген болатын. Ол сапары туралы да Нұрлан былай дейді: «Моңғолияға барған ән сапарда Баян-Өлгий жеріндегі қандас бауырлардың (ата-апа, аға-жеңге, әпке-жезде), ел-жұрттың алғысы ұшан-теңіз. Астыма ат мінгізіп, үстіме шапан кигізіп,"беліңді бекем буғанымыз"-деп осындай күміс белдік тақты.Үлкен рахметтен басқа айтарым жоқ»,- дейді.

Авторы: Абай Айсара
нравится:    1016
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии