|    |  
18 қаңтар 2020
22:04
қаз
​Нұрлан мен Әйкерімнің көңіл жарастырып жүргені рас па?
13 желтоқсан 2017, 17:21 59
Жақында Нұрлан Әлімжан мен Әйкерім Қалаубаевның бірлесіп түсірген бейнебаяны жарық көрген болатын. Содан кейін қос әншінің көңіл жарастырып жүргені жайлы ақпарат тарап кетті. Ал Әйкерім Қалаубаева бұл ақпараттың жалған екенін айтады. Бұл туралы әнші «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында айтқан.


 
«Оның бәрі өтірік ақпарат. Өйткені Нұрланның өзінің жеке өмірі бар. Менің өзімнің жеке өмірім бар. Екеумізді байланыстыратын ұлы дүние – өнер. Бейнебаянға өзіміз түсейік деп шештік. Себебі сол әндегі сезімді біз жеткізе аламыз деп ойладық. Өйткені Нұрланда актерлік шеберлік бар. Мен де училищеде одан қалыс қалған жоқпын. Сондықтан ол бейнебаяндағы дүниелер әннің мазмұнын ашу үшін жасалған іс-әрекеттер. Нұрлан екеуміз доспыз, әріптеспіз. Бір-біріміздің сырымызды өте жақсы білеміз. Араласып жүргенімізге он алты жыл болды»-дейді әнші.
 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар