13 Декабрь
07:37
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Мәдениет
15 ақпан 17:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Нұртас Адамбаев "Сабина келін"-нің сыңарымен кездесті


Режиссер әрі актер Нұртас Адамбаев атақты "келіннің" "сыңары" - Әсел Бодамбаевамен кездесті. 
Кездесу барысында түсірілген фотоны Н.Адамбаев өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Осыдан бір аптадай уақыт бұрын қазақстандық БАҚ атақты «Сабина келін» фильмінің басты кейіпкеріне ұқсас бойжеткеннің табылғанын жарыса жазған еді. Нұртас Адамбаев тапқан арудың Сабина келінге түрі ғана емес, тіпті, тегі де ұқсайды (Әсел Бодамбаева). 

Еске сала кетейік, Нұртас Адамбаевтің «Сабина келін» комедиясы Индонезияда мыңнан астам фильмдер қатысқан International Film Festival for Documentary, Short and Comedy Films кинофестиальінде гран-при жеңіп алған. Әділ қазылар әйелдердің құқықтарына қысым жасау мәселесін комедиялық түрде аша алғанын атап өткен.
Картинаның жалғасын қазақстандықтар 2016 жылы көктемде тамашалайтын болады.


Дереккөзі: Интернет материалдары
нравится:    1294
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии