|    |  
25 маусым 2019
06:55
қаз
Нұржан Керменбаев алғаш рет Жанар Хамитоваға қатысты пікір білдірді
28 мамыр 2019, 12:11 184
Он жыл үзілістен кейін сахнаға қайта оралған Жанар Хамитова жақында Нұржан Керменбаевқа қатысты бар шындықты айтып, ел арасындағы әңгіменің нүктесін қойған болатын. Нұржан Керменбаев «Ревю» бағдарламасына сұхбат беріп, алғаш рет пікір білдірді.



«Сахнаға оралғанын естіп жатырмын, көріп жатырмын, қуаныштымын. Ол кісінің сахнаға оралатынын білгенмін. Ешқандай таңғалыс болған жоқ. Жанармен мен қайтып дуэт жазбаймын. Ол мүмкін емес. Халық дұрыс түсінбей қалады. Қазіргі таңда доспыз деп айта алмаймын. Ол кісінің не айтып жүргенін білмеймін. Ол кісімен мені араластыратын ешқандай да бір тақырып жоқ. Менің сұхбатқа бармаған себебім де сол. Менің жеке өмірім бар, өнерім бар. Келіншегіммен таныспай тұрғанда болған оқиғалар ғой. Пиары бар, қоспасы бар. Сондықтан келіншегім ондай сөздерге сене бермейді де, сенбейді де»-дейді әнші.


Жаңалықтар