lenta.ru.
Әлем жаңалықтары
24 наурыз 12:16
Обама Аргентина президентінің қабылдауында танго биледі (видео)
АҚШ президенті Барак Обама мен оның жары Мишель Буэнос-Айресте Аргентина президенті Маурисио Макридің қабылдауында аргентиналық танго биледі деп хабарлайды lenta.ru.



Америкалық көшбасшы бастапқыда биге шақырған бойжеткенмен билеуден бас тартқан, алайда кейін келісіп, өзінің билеу өнерін көрсетті. Оның жары бұл кезде басқа бишімен биледі.




Обама Аргентинаға сәрсенбі күні ресми сапарымен келді. Бұл АҚШ президентінің латынамерикалық елге барған соңғы 19 жылдағы бірінші сапары.

Комментарии




Яндекс.Метрика