19 Декабрь
02:22
Астана: -21 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
4 ақпан 11:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Обама: Исламға қарсы пікір айтудан сақтану керек
АҚШ президенті Балтиморда Ислам орталығында сөйлеп тұр. 3 ақпан 2016 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама АҚШ-та мұсылмандарға қарсы пікірлердің көбеюінен сақтандырып, бұл елдегі мұсылмандар жетекшілерін исламды экстремистік сипатта түсіндіруге қарсы тұруға шақырды.

3 ақпанда Балтимор қаласындағы Ислам орталығына барып, баяндама жасаған Обама АҚШ тарихында болған оқиғалар мен Құраннан кезек-кезек үзінділер келтіріп, төзімділікке шақырды. "Біз жалған наным мен қате түсінікпен алдап, адамдарға дін үшін қауіп төндіруді көздейтін саясатты қабылдамауымыз керек" деді Обама. Ол америкалықтарды исламға қарсы пікір айтудан аулақ болуға кеңес берді.

Обама АҚШ президенті болғалы бері мешітке алғаш рет барып тұр және ол сапар елдегі президент сайлауы кезінде кейбір исламға қарсы пікірлерге қарсы тұру үшін жасалып отыр.

Обама сөз сөйлейтіні қарсаңында елдегі бірнеше мұсылман діни жетекшілері және белсенділермен кездесті. 

2015 жылы желтоқсанда Калифорния штатының Сан-Бернардино қаласында исламшыл экстремистер шабуылынан 16 адам қаза тапқан соң АҚШ қоғамында исламға қарсы көңіл-күй бірден күшейген.

Дереккөзі: БАҚ
нравится:    667
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии