17 Август
11:55
Астана: 17 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Әлем жаңалықтары
17 қыркүйек 10:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Обама қолдан сағат жасаған мектеп оқушысын Ақ үйге шақырды
АҚШ Президенті Барак Обама полицейлердің бомба деп ойлаған қолдан жасалған сағат үшін ұсталған 14 жасар жасөспірімді Ақ үйге шақырды. 



«Күшті сағат, Ахмед. Оны Ақ үйге әкелгің келе ме? Біз осындай балаларды ғылыммен айналысуға шабыттандыруымыз керек. Бұл Американы ұлы ететін дүние», - деп жазды Обама Твиттерде.



Бұған дейін сәрсенбі күні Америка БАҚ-тары Ирвинг қаласы (Техас штаты) полициясының мектепке қолдан жасаған электрондық сағатпен келген жасөспірімді қамауға алғанын хабарлады. Полицияны білім мекемесіне сағатты бомба деп ойлаған мектеп әкімшілігі шақырды.
Басылымның мәліметтерінше, тегі судандық Ахмет Мұхаммед бұл әрекетімен мұғалімдер мен сыныптастарын таңғалдырғысы келген.
«Мен ғылымды ұнатамын, бірақ қараторы болғанымнан, қауіп әкелетіндей көрінемін», - деп мойындады ұл бала британдық The Independent-ке. 
нравится:    1121
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии