21 Октябрь
07:20
Астана: 6 °C
Алматы: 3 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
25 шілде 16:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Обаманың демократтарға ренжіген ағасы Трампқа дауыс бермекші

 
Барак Обаманың демократиялық партияның өкілі болып табылатын өгей ағасы президент сайлауында Дональд Трампқа дауыс бермекші. Бұл туралы Малик Обама New York Post басылымына берген сұхбатында айтқан.
 
«Маған Дональд Трамп ұнайды, себебі ол шын жүргенінен айтады. «Америкаға бұрынғы ұлылығын қайтару» - жақсы ұран. Мен онымен кездескім келеді»-деген.
 
Ұзақ уақыт бойы демократтардың жақтасы болған Малик Обама партия саясатынан көңілі қалғанын мәлімдеген еді. Бұған Ливия басшысы Муаммар Каддафидің өлімі, сондай-ақ бір жынысты некеге белсенді қолдау көрсетілуі ықпал еткен. Ал, Хиллари Клинтонның электронды поштасын қызметтік хат алмасуға пайдаланғаны соңғы түрткі болса керек.
 
Малик Обаманың бұл мәлімдемесіне миллиардер Трамптың өзі үн қатқан. «О, президенттің ағасы Малик Обама маған дауыс беретінін мәлімдеді. Президент басқалармен жаман қарым-қатынас жасағанындай, онымен де дұрыс қарым-қатынас жасамаған ғой»-деді ол.  
 
Қазір Малик Обама кениялық  Когело (Kogelo) ауылында тұрып жатыр. Биылғы қараша айында АҚШ-қа сайлауға дауыс беру үшін келуге ниетті. Ол өзі ұзақ уақыт бухгалтер болып жұмыс істеген Мэриленд штатында сайлаушы ретінде тіркелген. АҚШ-тағы президент сайлауы 8-қарашада өтеді. Обама үшінші мәрте президент сайлауына түсе алмайды.
 
Дереккөз: Лента.ру.
нравится:    543
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии