13 Декабрь
09:45
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
11 наурыз 13:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Обыр дертіне шалдыққан жігіттің достары Мемлекет басшысынан көмек сұрады




Обыр дертіне шалдыққан 25 жасар Ақтөбелік Нұрсұлтан Ержановтың достары Қазақстан Республикасының Президентіне хат жолдап көмек көрсетуін өтінді деп хабарлайды Today.kz.
Нұрсұлтанның жақындары мен достары оның дертінен толық айығып кететіндігіне және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен жігіттің шетелде емделуі үшін квота бөлінетіндігіне сенеді.



Нұрсұлтан Ержановтың жақын досы Қорлан Ибраеваның айтуына қарағанда, ол аяқ астынан қауіпті дертке душар болған және  үш айдан бері өмірмен күресіп келе жатыр. Дәрігерлер оған  «бас сүйек бағанасының G4 глиобластом» деген диагноз қойған. Бұл бас сүйектің ішінде дамитын қатерлі ісік.

«Нұрсұлтан-өте қайырымды, өмірге деген құштарлығы мол азамат. Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің инженер мамандығында білім алған. Университетті тәмандағаннан кейін ол жұмысқа орналасып тіршілік жасап жатқан болатын. Бір күні ол аяқ астынан есінен танып қалды. Осы сәттен бастап оның қатерлі ісікке шалдыққаны анықталды. Осы уақыт ішінде оның мамасы қолдан келетін барлық шараларды жасады. Оған ота жасалды, алайда қатерлі ісікті толығымен алып тастауға мүмкіндік болмады, өйткені ісік  бассүйектің ең түпкір жағында орналасқан екен»,- дейді Қорлан Ибраева.





Қорланның айтуына қарағанда, статистика бойынша мұндай дертке шалдыққан адам  алты-сегіз айдан артық өмір сүрмейді екен.
«Шетелдік  клиникаларда қатерлі ісікті алып тастауда "кибер-ножа" жаңа технологиясы  қолданыла бастапты. Бұл Нұрсұлтанның жақындары мен достарының соңғы үміті болып отыр. «Мұндай терапияны пайдалануға Нұрсұлтанның жағдайы жоқ. Сондықтан да біз ҚР Президенті атына ашық хат жазып, көмек көрсетуін өтіндік»,- дейді науқас жігіттің досы.

Қорланның айтуына қарағанда, Нұрсұлтанның емделуіне қажетті қаражаттарды жинау үшін қалпақ сату бойынша әлеуметтік желіде акция ұйымдастырып жатыр екен. Қалпақтың құны 250 теңге.









Қорланның айтуына қарағанда, Елбасыға осындай хат жолдап, көмек сұраудың басты себебі,  кезінде Нұрсұлтанның екі әжесі немересінің есімін Мемлекет басшысының құрметіне орай қойғызған екен. 






Қорланның айтуына қарағанда, Елбасыға осындай хат жолдап, көмек сұраудың басты себебі,  кезінде Нұрсұлтанның екі әжесі немересінің есімін Мемлекет басшысының құрметіне орай қойғызған екен.
Тағдыры қыл үстінде тұрған Нұрсұлтан Ержановқа көмектескісі келетіндер үшін мына деректемелерді ұсынамыз: 8 (771) 122-40-28, 8 (7132) 99-87-08 (Светлана Мусенова, мама).

Банктік деректемелер: 

4263433481629795 сбербанк
Иин 910904300699
NURSULTAN YERZHANOV
Киви кошелек:87077924852
Халык Банк номер карты: 4402573503623714 Максим Красницкий

Егер сіз қалпақ сатып алғыңыз келсе онда мына телефондарға хабарласыңыз:  

87712934668 Лера
87021555857 Максим
87079050036 Илья
нравится:    836
Теги: Қоғам, Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии