16 Декабрь
13:17
Астана: -16 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
7 шілде 16:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Өкіріп жылаған грек зейнеткерінің әрекеті Интернетті дүр сілкіндірді
Греция экономикасының шектен тыс құлдыруы қарапайым халықты қажытып жіберген сыңайлы. Бұл жағдайды ғаламтор желілерінде жылдам тарап кеткен грек зейнеткерінің өкіріп жылаған суреті дәлелдей түсті.

 

AFP басылысы өзінің Twitter парақшасында қоғамды дір сілкіндірген суретті жариялады. Суретте зейнет жасындағы қарияның отыра қалыпғ «өкіріп жылаған» кезі бейнеленген.
«Өмір бойы жұмыс жасаған қария, қазір өзінің зейнетақсын ала алмай отыр. Біз оған көмектесу үшін ақша жинай аламыз ба?» деп суреттің астына журналист жазба қалдырған деп хабарлайды Tribune.

77-жастағы қария өзінің және әйелінің – 120 евро болатын зейнетақысын шоттан ала алмаған. Ол мардымсыз зейнетақыны алу үшін  төрт банкке кезекке тұрған. Ол кезектің нәтижесіз екендігін білген кезде, отыра  қалып өкіріп жылай бастаған.
«Мен өте сезімтал адаммын. Мен елімді мынадай күйде көрім келмейді. Еуропа мен Греция қателіктер жіберді. Біз сол олқылықтардың орнын толтыруымыз керек»,- деді 77 жастағы зейнеткер.

Еске салай кетейік,  Грецияда қаржылық ұйымдардағы капиталдардың еркін жылуына бақылау қойылғаны белгілі. Банктік карталары жоқ зейнеткерлер шоттан 120 евродан артық ақша ала алмайды.

Дереккөзі: dni.ru
 
нравится:    638
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии