21 Сентябрь
02:12
Астана: 17 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Туризм
26 қаңтар 12:20
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ОҚО-да ұлттық және табиғи саябақтар аумағында туристік нысандар салынбақ


Оңтүстік Қазақстан облысында экологиялық туризмді дамыту мақсатында  «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы мен «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтарының орман табиғи резервтарының аумағында туризмді дамыту жобаларын бизнес-қауымдастыққа кеңінен таныстыру іс-шарасы  ұйымдастырылды.Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Негізгі мақсаты - мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар аумақтарында туристік және демалу қызметін жүзеге асыру үшін туризм объектілерін салуға өңірдің кәсіпкерлерін тарту болып табылатын жиында «Сайрам-Өгем» МҰТС мен «Түркістан-Сырдария» МӨТС-інен ұсынылған 5 жер учаскесінің таныстырылымы өтті.



Атап айтқанда, «Сайрам-Өгем» саябағының Машат шатқалынан 4,4 гектарға (Түлкібас филиалы), Иіржол шатқалынан 1,5 гектарға (Төлеби филиалы) туристік кешен құрылысын жүргізу ұсынылса, Бак-Шелпек шатқалының 1,5 гектар аумағынан (Өгем филиалы) демалыс орнын салу жоспарланды. Сонымен қатар, туризм нысандары «Түркістан-Сырдария» табиғи саябағының Сырдария филиалындағы Байырқұм және Тақыркөл орманшылығының маңынан да бой көтеретін болды.   
Жобалардың таныстырылым қорытындысы бойынша осы жылдың ақпан айында мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар  мен мемлекеттік орман табиғи  резерваттары жер учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру бойынша тендер өткізу туралы хабарландырулар беретін болды.  



Айта кетейік, бүгінге дейін «Сайрам-Өгем» МҰТС-нің 9,5 мың гектардан астам аумағын құрайтын 218 жер учаскесі ұзақ мерзімді пайдалануға, 217 гектардан астам аумақты алатын 114 жер телімі қысқа мерзімді пайдалануға берілген.
 

нравится:    2930
Теги: Менің Қазақстаным,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии