21 Сентябрь
00:09
Астана: 18 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 341.61
EUR/KZT: 410.27
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.98
Әлем жаңалықтары
18 сәуір 10:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Оқушылар бітіру кешіне жинаған ақшасын сырқат сыныптасына берді

Астанада оқушылар мектеппен қоштасу кешіне жинаған ақшаны қан ауруына шалдыққан сыныптасының ем-домына аударды деп хабарлайды “Хабар” арнасы.

Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Темірлан Мырзағалиев Оңтүстік Кореяда емделіп жатыр. Мектеп ұжымы оқушының тағдырына бей-жай қарамай, өз еріктерімен бір күндік жалақысын қайырымдылыққа бағыттады.

Темірлан Мырзағалиевті емдеу үшін оңтүстік кореялық дәрігерлер «160 мың доллар көлемінде ақша қажет»деген. Оны мамырдың біріне дейін жинау керек. Осыны естіген сыныптастары ойланбастан мектеппен қоштасу кешіне жиналған азын-аулақ қаржыны Темірланның есеп-шотына аударды.

“Сол сәтте ақша өте тез керек болды. Мектеп бітіру кешіне жиналған ақшамыз дайын болатын. Сондықтан біз оны тез жіберуді шештік. Темірлан келгенде бәріміз бір жерге барып, өте жақсы уақыт өткіземіз деген сенімдеміз”, – дейді Темірланның сыныптасы Жәния Әбдімаш.

Мұғалімдер қауымы да болашағынан зор үміт күтіп отырған оқушыны тағдырдың тәлкегіне тастамай, бір күндік жалақыларын Темірланның есеп-шотына аударды.

“100 мың доллардан артық ақша жинап, сол баланың шотына жіберіп үлгердік. Әрине, түгел мектепке, әсіресе біздің осы басқарушы ұйымымызға үлкен алғысымызды айтамыз”, – дейді физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Мейрам Жәкенов.

Биыл мектеп бітіретін Темірланға АҚШ-тың 3 және Ұлыбританияның 2 жоғары оқу орнынан ұсыныс түскен. Мектеп басшылығының айтуынша, бұл университеттердің бәрі де қазақ баласына демеу болуға дайын. Мектепте Темірланға сабақ беретін шетелдік мұғалімдер оның алғыр оқушы екенін айтады.

“Көптеген мұғалім Темірланды бұрыннан таниды. Осындай ауыр жағдайды естіген кезде олар игі бастама көтеріп, қол ұшын беруге ниетті екендігін білдірді. Бәріміз бірден қолдау көрсетіп, мүмкіндігімізше ем-домға қаржы жинадық. Тез сауығып кетсе екен”, – дейді мектеп директорының орынбасары Джон Зенмани.

Сеул қаласында ем алып жатқан Темірлан мектебінің бұл қолдауын біледі. Сондықтан арнайы сәлемдеме жолдап, үлкен алғысын білдірген.

Сыныптастары қажетті соманы жинау үшін қайырымдылық шараларын жиі өткізіп, одан түскен қаржыны Темірланның туыстарына жеткізді.

Алдағы күндері Астанадағы сауда орындарының бірінде оқушылар концерт беріп, арнайы көрме өткізуді көздеп отыр. Бүгінде бұл шараға балалар жаппай дайындалуда. “Ең бастысы, Темірлан тез сауығып, ортамызға оралса екен” дейді жанашыр достары.
нравится:    831
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии