|    |  
21 ақпан 2020
01:22
қаз
Оқушылардың электронды күнделіктерінде порносуреттер пайда болған
09 қараша 2017, 15:23 72



"Kүнделік" электронды журналында төрт алматылық оқушының суреті Интернеттегі порносуреттермен ауысып кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматыдағы №61 мектептің жоғарғы сынып оқушыларына тиесілі электронды күнделік парақшаларында ер адамның жалаңаштанған әуретті жерінің суреттері пайда болған.

Оқыс жағдай бір ай бұрын болғанына қарамастан, мектеп әкімшілігі бұл жайтты құпия сақтауға тырысыпты. Олар ата-аналардан бұған қатысты шу шығармауын өтінген.

"Мектептегілер шу шыққан жағдайда өзге оқушылар да электронды күнделікті бұзып, бұзақылыққа баруға тырысады деген пікірде", - дейді агенттік дереккөзі.

Дереккөздің айтуынша, бұл жайтқа мектептегі оқу ісінің меңгерушісі жауапты болуы мүмкін. Себебі, ол оқушылардың аккаунттарын өзі толтырып, суреттерін де өзі жүктеуі тиіс болған. Алайда ол бұл жұмысты екі оқушыға жүктей салған көрінеді.

Нәтижесінде ата-аналар балаларының суретінің орнына күнделіктен порносуреттер тамашалаған.
 


Жаңалықтар