|    |  
16 қараша 2018
12:27
қаз
​Оқытушы колледждегі жұмыстың көптігіне шыдамай көпірден секіріп кетті
15 қараша, 10:51 941

 
Ұлыбританияда Лауриан Болд есімді колледж оқытушысы лауазымдық міндеттерін атқара алмағандықтан өз-өзіне қол салған. Оқу орнында жаратылыстанудан сабақ берген оқытушы колледж әкімшілігінде де жұмыс жасаған. Жұмыстың көптігінен шашы түсіп, бетіне бөртпе шығып, дертке шалдыққан. Соған байланысты демалыс алып, емделіп келгеннен кейін өз еркімен жұмыстан шығып кеткен. Араға бірнеше күн салып көпірден секіріп кеткен көрінеді. Көлігі көпірге жақын жерден табылған.  
 
Қаза тапқан келіншектің анасы оқу ордасының басшылығын кінәлап отыр. Анасының айтуынша, отыздан енді ғана асқан қызы жұмыс істеп жүргенде күніне үш-ақ сағат ұйықтаған көрінеді.
 
Дереккөз: life.ru
Жаңалықтар