21 Май
12:57
Астана: 23 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 328.31
EUR/KZT: 386.62
RUB/KZT: 5.27
CNY/KZT: 51.49
Әлем жаңалықтары
24 қараша 09:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Өлдіге саналған қыз 10 жылдан кейін табылды
Қытайда 10 жыл бұрын ұшты-күйлі жоғалып, өлдіге саналған қызды полицейлер интернет-кафеде компьютер ойынын ойнап отырған сәтінде тапты, - деп хабарлайды Shanghaiist.


Чжэцзян провинциясында өмір сүрген қытайлық қыз 14 жасында ата-анасымен ұрысып қалғаннан кейін үйінен қашып кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген. Кейін қыздың осы жылдар бойы интернет-кафелерде болып келгені анықталды.  

Полицейлер бойжеткенді Ханчжоудегі интернет-кафеден тапқан. Ол жеке куәлікті қолдан жасаған. Ол тәртіп сақшыларына үйінен кеткелі бері интернет-кафеде өмір сүргенін: тамақтанғанын, онлайн-ойындар ойнаумен болғанын айтып беріпті. Бойдеткенге ақшаны оған аяушылық білдірген бейтаныс адамдар беріп тұрыпты. 

Құқыққорғаушылар қолдан құжат жасағаны үшін 1000 юань айыппұл салғаннан кейін оны ата-анасына беруді шешіп, хабарласқан. Ата-анасы болса тілшілерге ендігіде қыздарымен ешқашан ұрыспайтынын айтыпты.

Дереккөзі: tengrinews.kz
нравится:    1195
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии