|    |  
18 қараша 2019
18:58
қаз
Өлген әкесіне 4 жыл хат жазған қызға жауап келген
29 қазан 2019, 18:06 335
Американың Арканзес қаласында тұратын 23 жастағы Честити Паттерсон қайтыс болған әкесінің телефонына төрт жыл бойы хат жазып жүріп, күндердің күнінде жауап алған. Ол бұл туралы өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.


 
Бойжеткен әр жазған хатында өзінің өмірі жайлы жазып отырған. Әкесінің қайтқан күніне орай соңғы жазған хатында: «Әке, сәлем, бұл тағы мен. Ертеңгі күн әдеттегідей ауыр болады. Мен шыңырауға құладым, бірақ кейін менің өмірімде құтқарушы адам пайда болды. Менің әлі балам жоқ. Және мен тұрмысқа шығуға қорқамын. Себебі жанымда «бәрі жақсы болады» деп айтатын адам жоқ»-деп жазған.
 
Бойжеткеннің осы хатына жауап келген. Онда «Сәлем, мен сенің әкең емеспін. Бірақ төрт жыл бойы жазған хаттарыңды мен алып отырдым. Менің атым Брэд. 2014 жылдың тамызында менің қызым апаттан көз жұмды. Мен ертерек жазғым келген, бірақ сенің жүрегіңді жаралаудан қорықтым. Сен ерекше жансың. Құдай қызымның орнына маған сені сыйлады» - делінген.



Дереккөз: Сегодня


Жаңалықтар