24 Сентябрь
23:30
Астана: -3 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Туризм
30 шілде 09:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Өлі теңіздің жағасында 2 курорт жабылып қалды
Өлі теңіздің жағасында 2 курорт жабылып қалды. Бұған су деңгейінің төмен түсіп, алып шұңқырлардың пайда болуы себеп болып отыр. Жергілікті билік жағдай алдағы уақытта бұдан да ушыға түседі дейді. Себебі шипалы көл жыл сайын бір метрге төмендеп барады.



Жарты жыл бұрын ғана туристерге толы болған жағажайлар қазір сортаңға айналған. Жағалауға айнала «Абайлаңыз, топырақ опырылып кетуі мүмкін!» деген ескертулер жазылған. Гай Дуненфельд, Тамар округінің бас инженері: - Біз бұрынғы «Эйн Геди» курортының орнында тұрмыз. Бұл жердегі өмір қызып жататын. Ал қазір бұл маңда түк жоқ. Ғимараттар жермен-жексен болып, электр желілері үзілген. Су құбыры да қираған. Кейбір шұңқырлардың үлкендігі соншалық, оларға 2 қабатты үй сыйып кетеді. Мұнда тіпті қалпына келтіру жұмысын жүргізуі тиіс жұмысшылардың өзі келуге қорқады. Бұрын теңізге құятын Иордан өзені қазір мұнда мүлде жетпейді. Оның суын орта жолдағы ауылшаруашылық кәсіпорындары өз қажетіне пайдаланады.

Дереккөзі: 24.kz
 
нравится:    954
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии